«Абай әлемі»

27 қараша күні 2020 ж. сағат 18.00-де Шығыстану факультетінің «Dilmar» үйірмесінің аясында қазақ жерінің ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» онлайн байқауы өткізілді. «Абайдың өмір жолы» слайдымен Назерке Исаділ таныстырды. Абайдың еңбектеріне шағын онлайн көрме ұйымдастырылды. Байқауға шетел филологиясы мамандығымен шығыстанушы мамандығының 1-3 курс студенттері қатысып, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ, түрік, парсы, араб, қытай, ұйғыр тілдерінде оқыды. Әділқазылар жеңімпаздарды дипломдармен мараппатады.

Печать