«Қазақстан жаһандық және аймақтық үдерістерде» халықаралық онлайн дөңгелек үстелі

02.12.2020 ж. сағат 14.00-де философия ғылымдарының докторы, профессор Рүстем Қазақбайұлы Қадыржановтың 70 жылдығына арналған «Қазақстан жаһандық және аймақтық үдерістерде» атты халықаралық онлайн дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басында Рүстем Қазақбайұлын Абылайхан ҚазХҚжӘТУ ректоры Құнанбаева Салима Сағиқызы және басқа да көптеген оқу және ғылыми ұйымдардың өкілдері құттықтады. Дөңгелек үстел барысында көптеген ғалымдар мен әріптестері мерейтой иесінің отандық ғылымға қосқан баға жетпес үлесі туралы әңгімеледі.

Аталған іс-шараға Үндістан, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның белгілі ғалымдары мен Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТ университетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның сыртқы саясатының өзекті мәселелерін талқылады. Іс - шараны ұйымдастырушылар - "Халықаралық қатынастар факультеті", "Кәсіби халықаралық қатынастар кафедрасы (жоғары курстар)" және "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті".

Рүстем Қазақбайұлы Қадыржанов 2001 жылдан бастап Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде халықаралық қатынастар факультетінің профессоры ретінде магистранттар мен докторанттарға дәрістер оқуда. Рүстем Қазақбайұлы еліміздегі отандық қоғамдық ғылым саласында ұлттық құрылыстың әлемдік тәжірибесі және Қазақстанның ұлттық саясаты, Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мәселелері, Қазақстанның тілдік жағдайы және ұлттық бірегейлігі, халықаралық қатынас, аймақтану мәселелерін, Қазақстандағы әліпбиді өзгерту туралы, қазақстандық білім беру жүйесін сараптауда, аянбай еңбек етіп жүрген ғалымдардың бірегейі. Ғалымның еңбектері АҚШ, Канада, Германия, Испания, ҚХР, Словакия, Иран, Түркия, Ресей және тғы басқа басылымдарында жарық көрді. Осы елдердің ұйымдастыруымен өткен халықаралық форумдар мен симпозиумдарда, ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялардың беделді мінберлерінде өз ойын айқын білдіріп келеді. Оның ішінде 3 жеке монография, 15 ұжымдық монографияның тең авторы, «Әлемнің әр түрлі аймақтарындағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру» ағылшын тілінде оқу құралының авторы.

Печать