Академик Х. М. Әбжановпен онлайн дәріс

4 желтоқсан күні Халықаралық қатынастар факультетінің Қазақстанның қазіргі тарихы және дүниетаным пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен  академик Әбжанов Хангелді Махмутұлымен «Тәуелсіздік және Елбасы Н.Ә.Назарбаев» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Дәріс тыңдаушылары педагогика факультетінің 1 курс студенттері болды. Дәріс өте қызықты өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, Қазақстанның жаңа тарихы бойынша білімдерін тереңдетіп, Республикамыздағы президенттік институт туралы көбірек білді, сондай-ақ Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы рөлі туралы хабардар болды.

Печать