«Тәуелсіздік – табысқа апарар жол»

2020 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – табысқа апарар жол» тақырыбында ЖОО ішіндегі онлайн-дебаттар өткізілді. Пікірталасқа Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің әр курстың студенттері қатысып, Тәуелсіздіктің қалыптасуын, Қазақстан азаматтары үшін тәуелсіз мемлекет мәртебесінің маңызын, сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстандық білім беруді дамытудағы рөлі мәселелерін талқылады. Іс-шараға қатысушылар естелік грамоталар мен сыйлықтарға ие болды.

Печать