«Заманауи лингвистикалық парадигмалар» атты халықаралық онлайн дөңгелек үстел

Филология ғылымдарының докторы, профессор Рысалды Құсайын Тынысбайұлының 80 жылдығына арналған «Заманауи лингвистикалық парадигмалар» тақырыбында халықаралық онлайн-дөңгелек үстел 07.12.2020 ж. сағат 14.00-де өтті.

Іс-шара басында Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ ректоры Құнанбаева Сәлима Сағиқызы, ЖОО Ғылыми кеңесінің мүшелері және қазақстандық оқу және ғылыми ұйымдардың өкілдері Рысалды Құсайын Тынысбайұлын құттықтады. Дөңгелек үстел барысында ғалымдар мен әріптестер мерейтой иесінің отандық ғылымға қосқан баға жетпес үлесі туралы әңгімеледі.

Дөңгелек үстелге Ресейдің танымал лингвисті, филология ғылымдарының докторы, А. С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтының профессоры Карасик Владимир Ильич қатысты, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Фазылжанова Анар Мұратқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы (ҰТО)» АҚ Басқарма Төрайымы Нұрғалиева Гүл Құмашқызы, Қарағанды қаласының «Лингва» ғылыми-білім беру орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор  Букетова Нұрсұлу Ибрайқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Дүйсенбина Әсем Тұрарқызы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессорлік-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар қазіргі заманғы лингвистика, филология және мәдениетаралық коммуникацияның өзекті мәселелерін талқылады.

Ірі лингвист, неміс грамматикасының маманы ретінде Рысалды Құсайын Тынысбайұлы 100-ден астам ғылыми еңбектер, оның ішінде мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған 20-дан астам оқулықтар, монографиялар, сондай-ақ отандық және шетелдік журналдарда мақалалар жариялады. Құсайын Тынысбайұлы көптеген жылдар бойы Германия, Ресей, Австрия, Бельгия және басқа да елдерде ұйымдастырылған халықаралық форумдар мен симпозиумдардың жоғары трибуналарынан, ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялардан өз идеялары мен ойларын жеткізіп келеді. Ол жас ғалымдардың үлкен тобын дайындады. Оның жетекшілігімен 20-дан астам магистрлік диссертация, 10-ға жуық кандидаттық диссертация, 3 PhD докторлық диссертация қорғалды, олардың бірі Гамбург университетінде қорғалды.

Профессор Рысалды Құсайын Тынысбайұлының ғылыми еңбектерінің көрмесі мен іс-шараны ұйымдастырушылар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «Заманауи лингвистикалық парадигмалар» материалдар жинағын шығарды.

Печать