Мармар Университетінің профессоры Ферит Белдермен онлайн-дәріс

2020 жылдың 8 желтоқсанда кәсіби халықаралық қатынастар кафедрасының (жоғарғы курстар)  ұйымдастыруымен  халықаралық қатынастар факультетінің 3-4 курс студенттері және магистранттарына  Мармара университетінің профессоры Ферит Белдер: «From Soft Power to Recurrent Military Operations: Turkish Foreign Policy in post-Arab Spring Period» тақырыбында дәрісі өтті. Дәріс онлайн режимінде, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Онлайн-дәріс барысында «Араб көктемі» оқиғаларына қатысты Түркияның Әділет және даму партиясы (тур. Adalet ve Kalkınma Partisi) кезеңіндегі сыртқы саясаты талқыланды.

Ферит Белдер - Мармара университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша PhD докторы. Ол 2013 жылы Стамбул университетінің халықаралық қатынастар магистрі және 2015 жылы Лондон университетінің SOAS халықаралық саясат магистрі дәрежесін алды. Стамбул университетінде халықаралық қатынастар докторы дәрежесін алды. Оның ғылыми қызығушылықтары: Түркияның сыртқы саясаты, Таяу Шығыс саясаты, Израиль саясаты және қауіпсіздік мәселелері.

Дәріске кәсіби халықаралық қатынастар кафедрасының (жоғары курстар) меңгерушісі PhD докторы Асхат Г., факультет деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары магистр Оралбаев С. кәсіби халықаралық қатынастар кафедрасының (жоғары курстар) оқытушылары және «5В020200-Халықаралық қатынастар» «5В050500-Аймақтану», мамандықтарының 3-4 курс студенттері мен магистранттар қатысты.

Студенттер проблемаға қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Онлайн-дәрістің модераторы және ұйымдастырушысы кәсіби халықаралық қатынастар кафедрасының (жоғары курстар) меңгерушісі PhD докторы Асхат Г.

Бізге уақыт бөлгені үшін және өте мазмұнды, қызықты дәрісі үшін Ибрахим Джохари мырзаға ризашылығымызды білдіреміз.

Печать