Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 80-жылдық мерейтойы аясындағы философия ғылымдарының докторы, профессор С.Б. Булекбаевтың және заң ғылымдарының кандидаты Р.У. Булекбаеваның ғылыми еңбектерінің тұсаукесері

Философия ғылымдарының докторы, профессор С.Б. Булекбаевтың «Қазіргі заманның сын-тегеуріндері контекстіндегі  қоғамдық ғылымның әдіснамалық мәселелері» монографиясы мен заң ғылымдарының кандидаты, доцент Р.У. Булекбаеваның бірлескен авторлығымен жазылған «Баламалы жүйедегі экономика мен мемлекеттің арақатынасы туралы» оқу құралының 11 желтоқсан, сағат 14:00 он-лайн режимде тұсаукесері өтті. Атаулы іс-шара, Қазақстанның жетекші университеті Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің 80 жылдық мерейтойын тойлау аясында өтті.

Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор М.У.Успанова құттықтау сөзін сөйледі. Ол ғылыми кездесудің өзектілігіне тоқталып, оның қатысушыларына жылы лебізін білдіріп, барлығына жемісті жұмыс тіледі. Онлайн-дөңгелек үстелдің модераторы ретінде философия ғылымдарының докторы, профессор З.С. Айдарбеков өткізді.

Авторлар өз баяндамаларын жасады: философия ғылымдарының докторы, профессор С.Б. Булекбаев  және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Р.У. Булекбаева   өз сөздерінде, біздің заманымыздың сын-қатерлері аясында әлеуметтік ғылымның әдіснамалық мәселелеріне тоқталды. Авторлардың пікірінше, әр түрлі қызмет салаларында заманауи жүйелік дағдарысты еңсеру үшін, ғылымның жаңа метапарадигмасы мен жаңа әдістемені іздеу және құру қажет.

Жаһандық әлемдік саясат пен экономиканың өзекті мәселелерін талқылауға Қазақстанның жетекші ғалымдары белсенді қатысты: заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жоғарғы мектебінің академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры – Жалаири Өмірәлі Шакарапұлы; ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері – А. Амребаев; Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры, философия ғылымдарының докторы – Б.Қолумбаев; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, философия ғылымдарының докторы – Тұрсын Ғабитов; Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры, заң ғылымдарының докторы – Э.Б. Мухамеджанов; Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры, философия ғылымдарының докторы – З.С. Айдарбеков; Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры, саясат ғылымдарының кандидаты – Байсултанова К.Ш., сонымен қатар Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессорлары, PhD докторлары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: жоғарғы оқу орнынан кеінгі білім беру факультеті мен жоғарғы оқу орнынан кеінгі білім беру кафедрасы.

Толығырақ монографиямен және  оқу құралымен, Абылай хан атындағы  ҚазХҚжӘТУ сайтынан таныса аласыздар: : https://clck.ru/SMhju

С монографией и учебным пособием можно ознакомиться на сайте Казахского университета международных отношений и мировых языков им.Абылай хана: https://clck.ru/SMhju

Печать