8-ші Орта Азия корейтану ғылыми конференциясы

2020 жылы 12 желтоқсанда Кореялық KF (Korea Foundation) қорының қолдауымен ОСАКОҚ (Орталық Азия корейтану оқытушыларының қауымдастығы), Назарбаев Университетінің Корейтану, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Корейтану орталығы ұйымдастырған 8-ші Орта Азия корейтану ғылыми конференциясы онлайн форматта өтті.

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Оңтүстік Кореяның 20 жоғары оқу орны мен басқа оқу орындарынан профессорлар мен оқытушылар қатысты. Конференция барысында Орталық Азия елдеріндегі корей тілі мен корейтану саласындағы онлайн-білім беру мәселелері талқыланды.

Орталық Азия корейтану қауымдастығының мүшелері, профессорлы-оқытушы құрам онлайн-білім берудің қазіргі жағдайы мен жетістіктері туралы баяндады, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, қазіргі жағдайда корейтанудың Орталық Азиядағы ынтымақтастық жобалары ұсынылған.. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корей тілі оқытушылары қорытынды талқылауда  білім берудің онлайн-ортаға көшуінің проблемасы мен келешегін және өзектілігін белсенділік танытты.

 

Печать