«Ғылымның заманауи тенденциялары мен әдіснамалық мәселелері» атты теориялық-әдістемелік семинар

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы  2020 жылдың 28 желтоқсанында on-line режимде «Ғылымның заманауи тенденциялары мен әдістемелік мәселелері» тақырыбында теориялық-әдістемелік семинар өткізді. Семинарда тіл білімінің әдіснамалық мәселелері мен білім беру әдіснамасы қаралып, талқыланды. Семинар Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ 80-жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор, э. ғ. д., профессор М.У. Успанова мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы, профессор К.Ш. Байсултанова құттықтау сөздерімен бастады. Филология ғылымдарының докторы, профессор В.У. Махпиров теориялық-әдістемелік семинардың модераторы болды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Т. Рысалдының "Семантикалық категорияның лингвосинергетикалық сипаты туралы"; педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Т.Д. Кузнецова "Шетел тілінде білім беру теориясының перспективалық ғылыми - зерттеу үрдістері мен әдіснамалық мәселелері"; педагогика ғылымдарының докторы, профессор Д.М. Джусубалиеваның "Қашықтықтан оқыту - мәселелері мен перспективалары" атты баяндамалар талқылауға ұсынылды.

Семинар ғылыми білімді насихаттау, кәсіптік бағдар беру және жастарды ғылыми шығармашылыққа және шет тілінде білім беру бағдарламалары бойынша зерттеу жұмыстарына тарту бойынша жұмысты жандандыруға бағытталған. Тіл білімінің әдіснамалық мәселелерінің өзекті мәселелерін талқылауға Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ жетекші профессорлары, докторанттар мен магистранттар белсенді қатысты.

Печать