Онлайн форматта ашық есік күні

4 ақпанда ҚазХҚжӘТУ онлайн-форматта ашық есік күнін өткізді. Университеттің виртуалды қонақтары негізінен он бірінші сынып оқушылары болды.

 Еліміздегі казіргі жағдайда талапкерлерге Ашық есік күні ерекше қажет болды. Оқуға түсу рәсімі дәстүрлі түрде көптеген сұрақтар туғызады, ал биыл талапкерлер мен олардың ата-аналарын ҰБТ өткізудің жаңа компьютерлік форматы алаңдатты. You Tube арнасындағы хабар таратудағы трпнсляциямызға 150-ге жуық адам қосылды. Көптеген қатысушылар қабылдау комиссиясының өкілдері толық жауаптар дайындауы үшін алдын ала сұрақтар жіберді. Сонымен қатар, талапкерлер мен олардың ата-аналары чат режимінде өз сұрақтарын қоя алды. Барлық талапкерлер ҰБТ-ны онлайн режимде өткізу туралы, ҰБТ тапсыру үшін өтініш беру мерзімі туралы, ҰБТ-ның ең төменгі балдары, бейінді пәндер және гранттар туралы маңызды ақпарат алды. Сондай-ақ, трансляция кезінде болашақ талапкерлер біздің университет туралы, академиялық ұтқырлық бойынша оқу мүмкіндіктері туралы білді.

Талапкерлер өз сұрақтарына барлық қажетті ақпаратты алды деген үміттеміз және жаңа оқу жылында ең қызықты, креативті және керемет университетті таңдаған жастардың жаңа ағымын қарсы аламыз деген ойдамыз. Бізге қосылуға үлгермегендер, You Tube арнасының ресми бетіндегі жазбада эфирді көруге мүмкіндік бар екенін айтамыз.

Печать