ҚазХҚжӘТУ студенттерінің Мюнхен тілдер және аударма институтындағы (ГФР) сабақтарға онлайн қосылуы

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ университетінің жоғары білікті мамандарын дайындаудағы негізгі бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шетел жоғары оқу орындарымен мәдениетаралық байланыстарды дамыту. Серіктес жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық, оқытушылардың тағылымдамасы, ортақ жобалар мен конференциялар университетіміздің халықаралық қатынастар алаңындағы өмірінің айнымас бөлшегі болып табылады. Қашықтықтан оқыту шарттарында ынтымақтастықтың жаңа форматы өзектілік танытып отыр. Бұл –студенттеріміздің шетелдегі серіктес жоғары оқу орындарының онлайн сабақтарына қатысуы.

Биыл 1 және 5 ақпан аралығында Мюнхен тілдер және аударма институтының Жазбаша және ауызша аударма бойынша мамандандырылған академиясы университетіміздің студенттеріне аударма жөніндегі сабақтарға қатысуға мүмкіндік берді.   «Аударма және филология» факультетінің үздік 5 студенті бір апта аралығында неміс тілінен аудару мәселесі жөнінде онлайн сабақтардың тыңдарманы болды. Осы курс аясында студенттер техникалық аударма (оқытушылар М.Erwaechter,D.Drevs), көркем аударма және тұрмыстық лексика (Y.Lipski), сондай-ақ импровизациялық аударма (К.Wenzl, V.Wendt,H.Lauther) бойынша сабақтарға қатысты. Студенттердің осы тәжірибе жөнінде бөліскен ойлары: 310 топ студенті, Маратжан Жанел: Студенттер жұмыс жасаған тақырыптардың барлығы алуан түрлі болды.

Олар ақылды генераторлар туралы талқылады, адамдардың әлеуметтік желілердегі балағат сөздер туралы пікірлерін және Нобель сыйлығы иегерлерінің сөздерін аударды. Бәрі өте қызық болды. Студенттердің белгілі бір уақыт аралығында аудару керектігі ұнады. Бір минут ішінде аударма жасау қажет болды. Әрине, бұл – қиын, дегенмен берері мол». 305 топ студенті, Есенәлі Ақерке: «Лекциялар қысқаша түрде адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтыды. Мені студенттердің қызығушылық танытқаны және олармен жұмыс жасауда лектордың да жоғары кәсібилігі таң қалдырды». 210 топ студенті, Игісін Дарига: «Бұл өте танымдық сабақ болды. Сондай-ақ ауыезекі неміс тілін тыңдау және студенттердің техникалық және көркем аударма жасағандарын бақылау қызық болды. Мюнхен университетінің сабақтарына қатысуға мүмкіндік бергені үшін УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ алғысымды білдіргім келеді».

Печать