Лингвистикалық клуб жұмысын жалғастыруда

Жас ғалымдарды дамыту және ынталандыру мақсатында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанында 2020 жылдың қазан айында ұйымдастырылған «Лингвистикалық клубы» жұмысын жалғастыруда. «Шетел филологиясы» мамандығының магистранттары магистрлік диссертациялардың бағыттарымен қатар жалпы лингвистикалық үдерістеріне терең қызығушылық танытады. Пәнаралық интеграция лингвистика саласына тікелей әсер етеді. Когнитивтік лингвистика, нейролингвистика, когнитивтік және прагма-социолингвистикалық аспектілер үйірме қатысушыларының белсенді талқылау кезеңінде.

02.08.2021ж. филология ғылымдарының докторы, профессор Рысалды Құсайын Тынысбайұлы магистранттармен кездесуде қазақ және неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасының ерекшеліктері, жай және күрделі сөйлемдердің функционалды мағыналық құрылымы туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар ол жас ғалымдарды заманауи ғылыми пәнаралық әдістеме - лингвосинергетикаға назар аударуға шақырды. Ол қазіргі тіл біліміндегі синергияның жаңа бағытының негізгі түсініктерін, тілді, сөйлеу әрекетін зерттеуге синергетикалық тәсілді қолдану мүмкіндігін түсіндірді. Тілдердің динамикалық құрылымын ескере отырып, тілдік жүйені зерттеудегі жаңа өрістің шекаралары мен негізгі міндеттерін атап өтті. Үйірменің магистранттары профессорға қызық сұхбат үшін үлкен алғыс білдірді. Олардың кейбіреулері магистрлік диссертациялар тақырыбы бойынша зерттеу әдістерінің бірі ретінде синергетикалық тәсілді қолдануға ниет білдірді. Лингвистикалық клубының кездесулерін ф.ғ.к., доцент А.М.Қарақұлова Microsoft Teams платформасында ұйымдастырады.

Печать