«Қазақстанның үздік магистранты-2020»

2020 ж. 10 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Bilim-orkenieti» республикалық Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы бірігіп, ғылым магистрларын қолдау үшін қолға алынған «Қазақстанның үздік магистранты-2020» атты магистрлардың 2020 жылға арналған байқауын ұйымдастырған еді. Бұл республикалық байқауға Абылай хан атын. ҚазХҚжӘТУ-дің «шығыстану» мамандығының 2 курс магистранты Мубашева Камила, т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. ғылыми жетекшілігімен қатысқан болатын. Нәтижесінде, Мубашева М. І дәрежелі диплом, медальмен марапатталып, өмірбаяны мен ғылыми жұмысы «Қазақстанның үздік магистранты - 2020» кітабында жарық көрді. Біздің магистрантымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Печать