Университетте «Бір Азия - бір әлем» элективті курсы жапон елінің «Евразия қоры» бөлген білім гранты бойынша жұмысын сәтті жалғастыруда

Халықаралық қатынастар факультеті «Бір Азия - бір әлем» элективті курсының аясында шетелдік және қазақстандық жетекші ғалымдардың апта сайынғы онлайн-дәрістеріне университет студенттері мен магистранттары қызығушылық білдіруде.  2021 жылы 12 ақпанда Университетте Корея Республикасынан профессоры Myong Soon-ok «Азия қоғамдастығы аясындағы бірлік» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. UNITED ASIAN COMMUNITY жобасының үйлестірушісі, Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, т.ғ.д., доцент Хайруллаева В.Х. дәріскерді тыңдаушыларға таныстырып, оның мәдени және антропологиялық зерттеулерінің ғылым мен білім саласындағы маңыздылығын атап өтті. Сеул университетінің антропология ғылымдарының докторы, профессор Myong Soon-ok Азиядағы мәдени антропология саласындағы жетекші маман, сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры.

Профессор Myong Soon-ok өз дәрісінде біздің елдеріміз арасындағы ежелден келе жатқан тығыз ынтымақтастық пен берік жақсы байланыстарды атап өтіп, болашақта Еуразия континентінде экономикалық, саяси және мәдени қатынастардың ойдағыдай дамуына сенім білдірді. Спикер: «Қазақстанның ежелгі университеттерінің бірі Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Азия мен Еуразия халықтары арасындағы берік тұрақты байланыстарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарғаны өте жақсы. Элективті курсты өткізу Азия елдері арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды рөл атқарады және біз ғылыми ынтымақтастыққа дайынбыз және Қазақстан азаматтарын жоғары білім беру бағдарламаларында да, қосымша және біліктілікті арттыру бағдарламаларында да оқуға дайынбыз»,- деді.

Дәріс барысында профессор Myong Soon-ok Азиядағы біртұтас білім беру, спорттық және мәдени байланыстарды дамыту қажеттілігін баяндай келіп, дәрісін әртүрлі рухани-танымдық мәселелер төңірегіндегі диалог пен пікірталасқа ұластырды.  19 ақпанда Қазақстан Республикасының белгілі қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, «Нархоз» университетінің профессоры Кан Георгий Васильевич қонақтардың онлайн-дәрісін өткізді. «UNITED ASIAN COMMUNITY»   жобасының жетекшісі, профессор З.Айдарбеков Георгий Васильевичтің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Қазақстан тарихы бойынша көптеген оқулықтардың авторы екенін, оның кітаптары бірнеше тілдерге аударылғанын ерекше атап өтті.

«Орталық Азия Еуразиялық қоғамдастық жағдайында» тақырыпты қонақ дәрісі халықаралық қатынастар, аймақтану, шығыстанушылар, журналистер және т.б. студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі - Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты тереңдету. Дәріс барысында Орталық Азия аймағының өткір мәселелері, қазіргі әлемнің сын-қатерлері, пандемия және оның қоршаған әлемге әсері, сондай-ақ Азия мен Еуразиядағы тұрақты даму мен жаһандық қауіпсіздік проблемалары талқыланды. Дәріс барысында профессор Кан біз тек көрші және бауырлас халықтар емес екенімізді, стратегиялық серіктестер мен одақтастар екендігімізді мезгіл-мезгіл атап өтті. Дәріс тақырыбының студенттерге қызықты болғаны соншалық, олар ұзақ уақыт лекторды жібергісі келмеді, көптеген сұрақтар қойды, екі сағаттық дәрістің қалай өтіп кеткенін байқамай да қалды.

Печать