Online TALK

2021 жылдың 19 ақпанында, Шығыстану факультетінде IELTS - емтиханын сәтті тапсырған және жапон мектебінде оқушыларды бұл емтиханға даярлау тәжірибесі бар студент Жумагелдина Аружанмен «IELTS» тақырыбында онлайн ӘҢГІМЕЛЕСУ кешін өткіздік.

Аружан бұл емтиханды тапсыру оқиғасымен, дайындық кезінде пайдасы көп тиетін кеңестерімен: қажетті оқулықтармен, оқу ресурстарымен және бейнематериалдармен бөлісті.

Сонымен қатар Аружан студенттердің емтихан тапсыру тәртібі туралы сұрақтарына жауап берді.

Шығыстану факультеті Жұмагелдина Аружанға осы конференцияға қатысып, пайдалы ақпарат пен тәжірибесімен бөліскен үшін алғыс білдіреді.

Печать