Халықаралық БҰҰ Конференциясы Моделі (онлайн)

2021 жылдың 27 ақпанында Kazumo_MUN клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен аса жоғары деңгейде Халықаралық БҰҰ Моделі Конференциясы өтті. Оған әлемнің бес континентінен делегаттар қатысып, "Пост-COVID-19 кезеңіндегі әлемді дамытудың жолдарын" іздестіруде күштерін біріктірді.

Ашылу салтанаты Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжәне ӘТ университеттің ректоры атынан Жастар саясаты жөніндегі проректор Серёжкина Татьяна Владимировнаның құттықтау сөзімен басталды. Аса құрметті қонақтар ретінде конференцияға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматы өкілдігі басшысының орынбасары - Руслан Маликұлы, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты координаторы - Микаела Фриберг-Стори, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі - Властимил Самек, АҚШ Алматыдағы Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері - Ананд Кришна және басқалар қатысты.

Үш Комитеттің жұмысына асқан шеберлікпен Ұлыбританиядан Мария Папагоржио – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Германиядан Элданиз Гусейнов - ЮНЕСКО, Өзбекстаннан Хаёт Халиков - ЭКОСОК төрешілік етті.

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Kazumo_MUN клубының мүшелері осы конференция арқылы әлемімізді жақсартуға өз үлестерін қоса алғаны үшін шексіз ризашылығын білдіреді!

Печать