«Шетелдік білім берудің заманауи әдіснамасының өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық «дөңгелек үстел»

2021 жылы 3 наурызда 14.30-да «Шетелдік білім берудің қазіргі заманғы әдістемесінің өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттерінің магистранттарының ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы шеңберінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Шетелдік білім беруді когнитивті - лингвомәдени әдіснамасына негізделген модернизациялау» ғылыми-зерттеу зертханалары негізінде өтті.

Бұл ғылыми іс-шараның ұйымдастырушылары жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы және факультеті, шетел тілдерінің педагогикалық факультеті, шет тілде білім беру әдістемесі кафедрасы болды.

Республикалық дөңгелек үстелдің мақсаты: қазіргі заманғы шет тілді оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін талқылау, ғылыми нәтижелермен және зерттеу тәжірибелерімен алмасу.

Дөңгелек үстелді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Байсултанова К.Ш. және педагогика ғылымдарының докторы, ҚазХҚ және ӘТУ теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының профессоры Кунакова К.У. ашты. Іс-шараның модераторы - PhD докторы, «Шетелдік мұғалімдерді даярлау» магистратурасының білім беру бағдарламасының жетекшісі М.А.Қасымбекова болды.

Республикалық дөңгелек үстелге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының профессорлары және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің докторантурасы мен магистрлік диссертациясының ғылыми жетекшілері, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының магистранттары қатысты.

Дөңгелек үстелдің спикерлері: Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Академик А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің магистранттары.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ магистранттары Жұмағұлова Диана Темірланқызы «Формирование прагматико-репрезентирующей компетенции будущих учителей иностранного языка с использованием технологии «pecha-kucha» тақырыбында баяндама жасады, Касенова Жамиля Муратханқызы: «The method of acquiring monologic form of professional-oriented learning by future foreign languages teachers», Акишев Мұрагер: ««Formation of digital competence of future foreign language teachers on the basis of mass open online courses» және тағы басқа да тақырыптар бойынша баяндама дайындады.

Сондай-ақ, ҚазҰПУ магистранттары, Абдраимова Банудың «The formation of professionally creative competence within digitalization of foreign language education» тақырыбындағы баяндамалары, Болтабекова Ақеркенің: «The development of students’ creative abilities through lexical-stylistic analysis of fiction works», Еркебаева Гүлназдың: «Formation of students’ CLIL content compete on the basis of multimedia technology (on Biology speciality)» баяндамасы және т.б. баяндамалар ерекше қызығушылық тудырды.

Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенті Октябрь Индира: «Ағылшын тілін үйренуге деген мотивацияны арттыру үшін когнитивтік бейне материалдарды пайдалану» атты баяндама жасады.

Жас зерттеушілер үш тілді жақсы меңгергендіктерін көрсетті, сонымен қатар диссертациялық зерттеулерінің аралық нәтижелерін кәсіби түрде ұсынды.

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша материалдар жинағы дайындалуда.

Печать