Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың 80 жылдығына арналған "SDGs - our common interests" Онлайн-дөңгелек үстелі

2021 жылдың 15 наурызында сағат 11:00 - де Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ - нің 80 жылдығына арналған "SDGs-our common interests" тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға БҰҰ - ның Алматыдағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі - Властимил Самек, Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Хайруллаева В.Х., Халықаралық қатынастар кәсіби кафедрасының меңгерушісі (аға курстар)-Асхат Г., «Қазақстанның қазіргі тарихы» кафедрасының меңгерушісі Шайморданова З.Д., кафедраның профессорлық - оқытушылық құрамы, дөңгелек үстел модераторы-  ХҚ магистрі Абдразакова Л.Н. қатысты.

«Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандықтарының 4 курс студенттері Тұрақты даму мақсаттарының маңыздылығы және оларды Қазақстанда жүзеге асыру туралы бейнероликтерді таныстырды. Ағымдағы жағдайға және ТДМ бірегейлігіне сүйене отырып, негізгі міндет планетаны өзара байланысты үш элемент - экономика, қоғам және қоршаған орта бірлігінде қорғауды қамтамасыз етуден тұрады. Сондай-ақ дөңгелек үстелде т.ғ. д., профессор З.Д. Шайморданова «Абылай ханның Қазақ хандығы арасындағы халықаралық байланыстарды дамытудағы рөлі (1711-1781)» тақырыбында презентация ұсынды.

Осы іс-шараға қатысқаны үшін В. Самек мырзаға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Печать