«Түрік тілі және менің болашағым» тақырыбында онлайн-сұхбат

11 наурыз сағат Шығыстану факультеті, Шығыс филологиясы кафедрасы Түрік тілі бөлімінің ұйымдастыруымен  «Түрік тілі және менің болашағым» тақырыбында онлайн-сұхбат өтті.

Онлайн-сұхбаттың құрметті қонағы Мұғла Сыткы Кочман Университеті, Әдебиет факультеті, Қазіргі Түркі диалектісі мен әдебиеті бөлімінің меңгерушісі доцент, доктор Екрем Аян. Онлайн-сұхбат барысында доктор Экрем Аян «Түрік тілі және менің болашағым» тақырыбы аясында тың әрі қызықты мәліметтермен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Шығыстану факультетінің деканы, PhD, доцент Дәуен Динара Ханым Экрем Мырзаға алғысын білдіріп, болашақта «Мевлана» халықаралық бағдарламасы бойынша келісім-шарт жасалатынын жайлы айтып өтті.

Осы шараға кафедра меңгерушісі ф.ғ.к.,проф. Бүркітбай Г.Ж.,түрік тілі пәнінің оқытушылары, «Шығыстану» мамандығының 1курс, «Шетел филологиясы» мамандығының 3,4 курс және екінші шет тілінің студенттері қатысты.

Печать