«Қазақ жастарына – Асыл қазына қара сөз»

Қазақ жастарына – Асыл қазына қара сөз! Осындай тақырыпта наурыз айының 15-жұлдызында жастар тәрбиесіне зор көңіл бөлетін қара шаңырағымыз Аблай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Рухани жаңғыру қоғамдық даму орталығының басшысы Сержанов Бауыржан Ерланұлының ұйымдастыруымен руханиятқа толы онлайн кездесу өтті. Аталмыш кездесудің қадірлі қонақтары ретінде халқ өнерінің қара шанырағына айналған «М.О.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының» белгілі актері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Толғанбай Жалғас Қонысбайұлы мен театр және кино актрисасы Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызы риясыз сұхббат жүргізді.

Кездесу барысында қымбатты қонақтарымыз жастар мен университет ұстаздарының көкейкесті, өзекті сұрақтарына жауап беріп, қызықты оқиғаларымен бөлісіп, жастарға берер ақыл-кеңестерін айтты. Сондай-ақ жастарға уақытты тиімді де пайдалы етіп өткізуге үлес қосқан бұл онлайн-кездесуде қазіргі замандағы өзекті тақырыптар жөнінде сөз етіліп, тіл мәселесін, білім мен мәдениет хақында және жастар болашағы турасында кеңінен әңгіме қозғалды. Ұлттық өнер, қара сөз құдіреті мен Абай мұралары кеңінен насихатталып, тіпті бас ақынымыздың әні де шырқалды.

Осылайша тағылымы мен тәлімі мол кездесуіміз жүзбе-жүз өтпеседе, жүректерге жетіп, қатысушыларға керемет естеліктер қалдырды. Осындай ерекше форматта өткен онлайн-кездесу жастарымыздың ұлттық мұраларымызды дәріптеуге, ана тілін құрметтеуге және жарқын болашаққа деген сенімділікті арттыруға көмектеседі деген сенімдеміз!

Печать