Дөңгелек үстел

2021 жылдың 16 наурызында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің 80 жылдығына арналған «Білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері» тақырыбында Білім беруді кәсіби цифрландыру кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің шақырылған спикерлері Канат Кожахмет, білім беру, сандық трансформация саласындағы сарапшы, СДУ және Астана IT университетінің бұрынғы ректоры және Сулиев Расим Ниязович, ҚБТУ-нің Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы болды және кафедраның оқытушылары өзекті тақырыптарда баяндама жасады. Дөңгелек үстелге Университеттің оқытушылары және профессорлары қатысты.

Печать