«Университеттің үздік оқытушысы -2020» жеңімпазын марапаттау рәсімі

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де «Университеттің үздік оқытушысы -2020» жеңімпазын марапаттаудың салтанатты рәсімі 17 наурызда сағат 12.00-де өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған салтанатты Мәжілістен тікелей байланысқа қосылды. Министр А.К. Аймағамбетовтың ресми құттықтау сөзінен кейін, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ ректоры Сәлима Сағиқызы ҚазХҚжәнеӘТУ профессоры Байсултанова Кулипа Шарипханқызына медаль және куәлік табыс етті.

Сәлима Сағиқызы байқауға Республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысқанын, бірінші рет үміткерлерді іріктеу және құжаттарды тексеру рәсімі ақпараттық жүйенің көмегімен онлайн форматта жүргізілгенін атап өтті. Қатысушылардың қызметі оқыту сапасы мен ғылыми-зерттеу жетістіктері бойынша бағаланды. «Құрметті профессор Байсултанова Кулипа Шарикановқызына оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысындағы жемісті еңбегі мен жетістіктері үшін жоғары марапатқа ие болғаны өте қуанышты. Университет ұжымы сіздерді мақтан тұтады және шығармашылық табыстар, сарқылмас шабыт, мықты денсаулық, Отанымыз бен еліміздің болашағы үшін сіздің педагогикалық қызметіңізде шығармашылық тілейді", - деді Сәлима Сағиқызы.

Кулипа Шарипканқызын ОӘБ жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кульгильдинова Тулебике Алимжановна, ғылыми және инновациялық жұмыс жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор Успанова Майра Уалиевна, оқу басқармасының бастығы Мергенбаева Айткенже Турсагуловна, жоғары оқу орнынан кейінгі білім кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Қағазбаева Эльмира Маратовна салтанатты түрде құттықтады.

Өз кезегінде "ЖОО үздік оқытушысы-2020" байқауының жеңімпазы Кулипа Шарикановна Байсултанова қатысушылардың жетістіктерін бағалаудың ашықтығы мен әділдігіне, карантин жағдайында құжаттарды жинаудың қағаз нұсқасынан қатысушыларды босатқан цифрлық форматты ұйымдастырғаны үшін байқау ұйымдастырушыларына және де ҚР БҒМ қызметкерлері мен сарапшыларға, оқытушыларды үнемі қолдағаны және университетте жасалған қолайлы жағдайлар үшін ҚазХҚжӘТУ ректоры, ҚРҰҒА академигі С.С. Құнанбаеваға ерекше ризашылығын білдірді, сондай-ақ  көрсеткен қолдаулары мен көмегі, ұйымшыл серіктестіктері үшін барлық әріптестеріне алғыс айтып, барлығына мықты денсаулық, сонымен қатар, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің өркендеп, білім мен отандық ғылымның одан әрі дамуын тіледі!

Печать