«Біздің айналамыздағы әлем: адам-қоғам-табиғат»

Мәскеу гуманитарлық университетінде  22-26 наурыз аралығында «Біздің айналамыздағы әлем: адам-қоғам-табиғат» тақырыбында Халықаралық ғылыми студенттік конференция өтуде. Конференцияға Мәскеу гуманитарлық университетінің серіктес жоғары оқу орындары қатысты. Атап айтқанда:

  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Қазақстан Республикасы);
  2. Пекин Біріккен университеті (ҚХР);
  3. Шеффилд Халлам Университеті (Ұлыбритания);
  4. Англия Рускин Университеті (Ұлыбритания);
  5. Қауіпсіздік және экономика Жоғары мектебі (Болгария Республикасы);
  6. Полоцк мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы);
  7. Балтық Халықаралық Академиясы (Латвия);

Конференция жұмысы онлайн форматта Zoom платформасында өтті

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

- Қазіргі қоғамның құндылықтары мен мақсаттары: адам – қоғам – табиғат.

- Қазіргі әлемнің сын-қатерлері: пандемия және оның Біздің айналамыздағы әлемге әсері.

-Тұрақты даму және жаһандық қауіпсіздік мәселелері.

 -Ғалымдардың бейбітшілік пен өркениеттік прогресс үшін қозғалысы.

 - Өркениеттік айырмашылықтар және Жаһандық әлемдегі бейбіт дамудың мүдделері.

 -Мәдени мұра тарихи жад экологиясы ретінде: әлемнің ұлттық бейнелері.

 -Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы заманауи адамзаттың дамуы.

- Цифрландыру ғасырындағы білім беру ерекшеліктері.

-Университеттердің интеграциясы ұзақ мерзімді жоба ретінде.

-Пандемия тәжірибесі: білім беру, әлеуметтік өзара әрекеттесу, ақпараттық технологиялар.

 -Инновациялық өзгерістердің шапшаңдығы жағдайында жастардың мәдени әлеуметтенуі.

-Жаңа гуманизм – қоғамның технологиялық ортада дамуының шарты.

2021 жылғы 23 наурызда Мәскеу қаласында «Біздің айналамыздағы әлем: адам – қоғам – табиғат» халықаралық ғылыми студенттік конференциясының Пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырысқа МосГу ректоры И.М. Ильинскийдің атынан ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, философия ғылымдарының докторы, мәдениеттану докторы, профессор Анна Владимировна Костина қатысты. Конференцияның негізгі бөлімінде МосГУ іргелі және қолданбалы зерттеулер институтының синергетика және гуманитарлық технологиялық революция орталығының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Г.Г. Малинецкий « XXI ғасыр әлемі. Бифуркация» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар,  Пекин Біріккен университетінің атынан Пекин Біріккен университетінің Халықаралық бөлімінің қызметкері Тиан Пэй «Жаһандану жағдайында студенттердің өмірі мен тұрақтылығын арттыру»тақырыбында,  Шеффилд Хаалам университетінің (Ұлыбритания) өкілі, профессор Дэвид Грэхэм«Шекарадан тыс жұмыс. Бейнеконференция технологиясын пайдаланатын барлық студенттер үшін халықаралық тәжірибе» тақырыбында мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен қатар, ғылыми конференцияда Қазақстаннан Абылай хан атындағы  Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы З. С. Айдарбеков «Ұлы Жібек жолының мәдени аспектілері мен феномендері. Ерекшеліктері мен болашағы».

Халықаралық ғылыми конференцияда қазіргі пандемия жағдайындағы өһзекті мәселлер талқыланды.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать