«Eurasia Foundation» білім беру қорының аясындағы шетелдік және қазақстандық ғалымдардың онлайн дәрістері

2021 жылдың екінші семестрінің басынан бастап Халықаралық қатынастар факультеті базасында «Eurasia Foundation» жапон қорының Білім беру гранты бойынша «Бірыңғай Азия – Бірыңғай әлем» элективті курсы өткізіледі. Университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Құнанбаева Салима Сағиқызы студенттерімізді әлемдік озық білім беру жүйесіне бейімдеуді және «Адамзаттың біртұтас тағдыры қауымдастығы» тұжырымдамасын ұстануды ұсынады, өйткені ХХІ ғасырдағы адамзат қоғамының даму болашағы шешуші дәрежеде жаңа білімге, технологияға тәуелді. Тиісінше, «Біртұтас Азия – біртұтас әлем» элективті курсы студенттердің мәдениетаралық құзыреттерін қалыптастыруға және Еуразияның мультимәдени қоғамында диалог орнатуға ықпал етеді. Ғаламдық сын-қатерлерге төтеп беру және іс-қимылдың түзету алгоритмін таңдауда халықаралық қауымдастықпен өзара тығыз байланыс ортану қажеттігі туындап отыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жапониядан, Кореядан, Испаниядан және Финляндиядан келген шетелдік профессорлардың өткен дәрістерінде азиялық қоғамдастық елдерінің құзыреттілік модельдері мен одан әрі даму перспективалары туралы сөз болды.

Сонымен, 2021 жылдың 19 наурызында университетте Испанияның Бургос университетінің профессоры Сотело Шианның  «Мәдениетаралық диалогтарда нәсілдік кедергілерді қалай жеңуге болады?» онлайн қонақ дәрісі өтті. Доктор Сотело Шиана Мадридтің Комплутенсе университетінде білім алған, АҚШ-тағы әдебиет және мәдениет курстарынан сабақ береді. Оның зерттеулерінің негізгі бағыттары: ағылшын тілді елдердегі мәдени және әдебиет мәселелері. Доктор Сотело Шина өзінің дәрісінде XXI ғасырда тек толерантты, зияткерлік және бәсекеге қабілетті ұлт қана табысқа сене алатынына және бұл қарапайым ақиқат Еуразиядағы адамгершілік императивке айналғанына ерекше назар аударды. «Біз әлемде не болып жатқанын, мұнда қандай елеулі қауіпті жағдайлар орын алғанынкөріп отырмыз. Ұлтшылдық, діни төзбеушілік ең радикалды топтар мен ағымдар үшін идеологиялық негізге айналады және олар мемлекеттерді бұзады және қоғамдарды бөледі, бұған дәлел - үлкен көші-қон ағындары» деді.

Доктор Сотело Шиана «Көп мәдениетті білім берудің мақсаты – көп мәдениетті ортада белсенді және тиімді өмір сүруге қабілетті, басқа мәдениеттердің өзіндік ерекшелігін түсінетін, әртүрлі ұлт, нәсіл, наным-сенім адамдарымен бейбітшілік пен келісімде өмір сүре алатын заманауи адамды қалыптастыру» деп түсіндірді өз дәрісінде. Доктор Сотело Ш. дәрісінің қисынды жалғасы ретінде белгілі қазақстандық халықаралық сарапшы және саясаттанушы, ҚР БҒМ ФжҚ саяси зерттеулер орталығының бас директоры Айдар Молдашұлы Амребаевтың дәрісін атап өтуге болады. «Азияның транзиттік қоғамдарындағы Азиялық бірегейлік және егемендік» тақырыбындағы дәріс барысында мультимәдениеттілік саясатын жүргізу мен жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесі кеңінен талқыланды. Ғалымның айтуынша, Қазақстан үшін біздің ұлттық құрылымымыздың идеялық негізін, егеменді даму моделін, Ұлт тағдыры және оның өзін-өзі сақтау тәсілі ретінде Қазақстан үшін өзекті болып қала береді.

Дәрістің соңында профессор А.М.Амребаев былай деді: «Қазақтың ұлттық құндылықтарын сақтау, азаматтық сана-сезім, патриотизм, мемлекеттік тілді меңгеру және оны барлық жерде пайдалану, ұлттық мүдделердің басымдығы негізінде ішкі және сыртқы саясатты іске асыру, ұлттық қауіпсіздікті, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қорғау, қазақтардың құндылықтары мен діліне негізделген ұлттық идеологияға сүйену, біздің халқымыздың ұлттық дәстүрлерін сақтау және байыту сияқты маңызды демократиялық атрибуттарды оятуды негізгі идея ретінде ұстануымыз керек». Өз дәрісінде ол Азиядағы тығыз ынтымақтастық қажеттігін, қазір әлемде Жапония мен Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдеріне үлкен қызығушылық бар екенін атап өтті, біз одан әрі Еуразия құрлығындағы экономикалық, саяси, мәдени қатынастардың табысты дамуын қолдауға тиіспіз. Бүгінгі таңда біз барлық білімімізді бірінші кезекте өскелең ұрпаққа, руханилықты, мәдениет пен дәстүрді жаңғырту және дамыту ісіне салуымыз қажет, бұл біздің рухани бірлігіміз бен қазақстандық бірегейлігімізді қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады.

Печать