Дөңгелек үстел: «Студенттерді университеттің сапасын қамтамасыз ету жүйесіне тарту»

2021 жылдың 19 наурызында «Студенттерді университеттің сапасын қамтамасыз ету жүйесіне тарту» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР Білім және ғылым министрлігі, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR), Қазақ қаржы экономикасы және халықаралық сауда университеті, студенттік ұйымдардың өкілдері, ҚР ЖОО студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел Erasmus+ EDUQAS «Жоғары оқу орындарында Университет-Бизнес-мемлекет ынтымақтастығы арқылы білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін енгізу» Project no. 586109-EPP-1-2017-1-RO-EPPKA2-CBHE-SP(2017-2895/001-001) жобасының тәжірибесін тарату, сондай-ақ қорытынды шығару шеңберінде өткізілді.

Дөңгелек үстелдің спикерлері:

Бану Мұхатайқызы Нарбекова - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары. Бану Мухатаевна құттықтау сөз сөйлеп, ҚР БҒМ сапаны қамтамасыз ету саласындағы жұмысы туралы айтты. EDUQAS жобасының жоғары оқу орындарындағы сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту жолындағы нәтижелерінің маңыздылығын атап өтті.

Роза Ильдаровна Бурганова - сапаны қамтамасыз ету және стратегиялық талдау бөлімінің басшысы, ҚазЭҚХСУ жобасының үйлестірушісі. Р.И. Юурганованың баяндамасының тақырыбы: «Университеттегі сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру процесі». Роза Ильдаровна университеттің EDUQAS жобасындағы тәжірибесі, сапаны қамтамасыз ету бөлімінің жұмысы және ҚазЭҚХСУ студенттерінің жүйе жұмысына қалай қатысатыны туралы айтып берді.

Нұргүл Әлімқызы Қыдырмина - ақпараттық-талдау жобасының жетекшісі, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі, EDUQAS жобасының қауымдастырылған серіктесі. Нұргүл Әлімқызы өз сөзінде жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі студенттің рөлі туралы айтты.

Бауыржан Сержанов – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің магистранты, «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі, біздің университет студенттерінің сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесіне қатысуы және тәжірибесі туралы айтып, елімізде жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша студенттік одақ құру туралы ұсыныс жасады.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың сөйлеген сөздерінде жоғары оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру және елдегі жоғары білім сапасын қамтамасыз етуін, студенттердің рөлін арттыру қажеттілігіне назар аударылды. Барлық қатысушылар EDUQAS сияқты жобалардың жоғары оқу орындарының сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамыту мен жақсартудағы маңыздылығын атап өтті.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать