Дөңгелек үстел «Бәсекеге қабілетті маман болу – заман талабы»

30.03.2021 жылы Шығыстану факультеті Шығыс филология кафедрасының араб тілі бөлімінің  ұйымдастыруымен  «Бәсекеге қабілетті маман болу – заман талабы» тақырыбы аясында араб тілі бөлімінің түлектерімен және университет студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай өткізілген шараға 28 жылдық тарихы бар – бүгінде өз еңбек жолдарында елеулі жетістіктерге жеткен араб бөлімінің  түлектері студенттерімізге кәсіби мамандық иесі болудағы өз тәжірибелерімен, үлгі болар ақыл-кеңестерімен бөлісе отырып, білім берген араб тілінің ұстаздарына өз ризашылықтарын білдірді.

Дөңгелек үстел модераторы профессор Ш.Б.Қожабековаға, Шығыстану факультетінің араб бөлімі түлектеріне, студенттерімізге және басқа да қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать