Баишев университетінің магистранттары (Ақтөбе) Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ғылыми тағылымдамадан өтті

Баишев университетінің «7М01719-Шетел тілі оқытушыларын даярлау (ғылыми-педагогикалық бағыт)» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары 2021 жылдың 29 наурызынан 9 сәуіріне дейін қашықтықтан білім беру технологияларын (ДОТ) қолдану арқылы «Когнитивті-лингвомәдени әдістеме негізінде шет тілдік білім беруді модернизациялау» қолданбалы зертханаларының негізінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Қашықтықтан оқытудың жетекші маманы, білім беру үдерісіне қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу бойынша көптеген жұмыстардың авторы, педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық педагогикалық білім академиясының академигі, Халықаралық және БҰҰ жалпы консультативті мәртебесі бойынша, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚазХҚжӘТУ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының профессоры Джусубалиева Д.М. «Диссертация мен мақалалардың ғылыми жұмысын безендіруге қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өткізді.

Тәжірибе шеңберінде интерактивті кеңес беру және ҚазХҚжӘТУ жетекші мамандарының онлайн-дәрістеріне қатысу ұйымдастырылды. Атап айтқанда, магистранттар PhD доктор М.А.Қасымбекованың «Заманауи маманның моделін қалыптастырудың интеграциялық-басқару кешені», п.ғ.к, доцент А.А. Головчун «Қазіргі лингвистикалық теориялар, олардың парадигмалары және зерттеу әдістері», п.ғ.к, доцент Жұмабекова Г.Б. «Жалпы орта білім берудің бейіндік-интегративті моделінің мақсатты қойылуын қамтамасыз ету үшін шетел тілі педагогтарын даярлаудың бағдарламаларын әзірлеудің тұжырымдамалық-білімдік негіздері мен механизмдері» және басқа оқыту дәрістерін тыңдады.

Магистранттарға желіге, ҚазХҚжӘТУ ақпараттық және мультимедиялық электрондық ресурстарына қол жетімділік қамтамасыз етілді. Магистранттардың іс-тәжірибесі «Шетелдік білім берудің қазіргі заманғы әдіснамасының өзекті мәселелері» тақырыбындағы интерактивті теориялық-әдістемелік семинармен аяқталды.

Бұл тағылымдама семинар-тренингтер мен «дөңгелек үстелдерге» белсенді қатысу барысында теориялық білім мен зерттеу дағдыларын алуға, жетекші университеттің шет тілін оқыту әдістемесі бойынша оқыту жүйесімен танысуға бағытталғанын айта кету керек. Практиканы аяқтағаннан кейін магистранттар сертификаттар алды.

Печать