ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 80 жылдығына және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған «II Абылайхан оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция

14 сәуір күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ҚазХҚжәнеӘТУ 80 жылдығына арналған "II Абылайхан оқулары" атты онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады. Абылай хан және "Рухани жаңғыру"бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл ғылыми іс-шараны  ұйымдастырушы Қазақстан тарихы кафедрасы. 

Конференцияны ҚазХҚжӘТУ ректоры атынан  тәрбие  және әлеуметтік ісі жөніндегі проректор Т.В. Сережкина ашып қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, құттықтау сөздерін Шашаев Әуезхан Қадыржанұлы, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институты директордың орынбасары, т.ғ.к.; Әбжанов Хангелді Махмұдұлы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы; Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы; Әуелғазина Толқын Құдайбергенқызы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, саяси..ғ.д., доцент; Набижан Мұхаметханұлы- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы; Изтаева Венера Амангелдіқызы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ,  с.ғ.к., доцент  айтты.

Ғылыми-практикалық конференция Қазақстанның жоғары оқу орындарынан зерттеушілер мен магистранттарды, студенттерді кеңінен қамти отырып, Монғолиядан (Вандангийн А. - тарих ғылымдарының докторы, профессор, Монголия еңбек сіңірген қайраткері), Ресейден (Семедов С. А. - философия ғылымдарының докторы, профессор, "халықаралық ынтымақтастық" кафедрасының меңгерушісі, РФ Президенті жанындағы РАНХиГС), Франциядан (Аллез г. - PhD докторы, әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебі) спикерлер қатысты.

Конференцияның барлық қатысушыларына тамаша пікірталас, идеялармен және ғылыми ізденіс тәжірибесімен шығармашылық алмасуды тілейміз.

Печать E-mail

универсиада замена