«Focus on research and aspects of teaching a FL» онлайн дәріс

Аударма және Филология Факультеті Ноттингем Трент Университетінің (Ұлыбритания) профессоры PhD Глория Гутьеррес Альмурзамен бірлесіп, 2021 жылдың 22 ақпан және 5 наурыз аралығында университет оқытушылары мен магистрант және докторанттары үшін «Focus on research and aspects of teaching a FL» тақырыбында онлайн дәріс курстарын өткізді. Дәріс барысында ғылыми-зерттеу қызметінің әртүрлі аспектілері интерактивті түрде талқыланып, ғылыми-зерттеу жұмысының негіздемесін жазуға қойылатын халықаралық талаптардан бастап, магистрлік және докторлық диссертация жазу, оның ішінде әдебиеттерге шолу жасау, зерттеу әдіснамасы мен деректерді жинау әдістерін талдау, бастапқы дереккөздерді өңдеу және де зерттеулерде пайдаланылатын деректердің статистикалық талдауына қатысты тақырыптар қамтылды. Сонымен қатар, онлайн-курстың екінші аптасында дәріскер жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың заманауи технологияларына, сондай-ақ студенттердің мәдениаралық коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру мен бағалауға назар аударды.

Британдық жоғарғы оқу орындарының студенттердің шет елде тілдік және мәдениеттанымдық тағылымдамаларын ұйымдастыру тәжірибесі дәріс тыңдаушыларының ерекше назарын аудартты. Бұл тәжірибе негізінде студенттер бір жыл немесе бір семестр шет елде білім алады. 

Профессор Глория Гутьеррес Альмарзаның оқыған дәрістері жоғары оқу орындарында шетел тілін оқыту тәжірибесіне пайдалы әрі мазмұнды идеялар қосып, пікірталасқа қатысушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен септігін тигізгені сөзсіз. Қатысушылар дәрістердің тиімділігі мен пайдасын айтып, Профессор Глория Гутьеррес Альмарзаға ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникация мәнмәтінінде шетел тілін оқыту бойынша өзінің білімі мен тәжірибесімен бөліскені үшін шынайы алғыстарын білдірді. Профессор Глория Гутьеррес Альмарза университетіміздің оқытушылар құрамы мен студенттерінен үлкен әсер алғанын жеткізіп, Абылай хан университетімен академиялық ынтымақтастықты жалғастыруға өзінің ризашылығы мен ниетін білдірді.

Печать