«Тіл және мәдениетаралық коммуникация» ғылыми-практикалық онлайн конференциясы

2021-жылы, 16-сәуірде, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі Білім беру саласының үздігі, тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Есеналиева Жанар Жорабекқызының 60 жылдық мерейтойына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және университеттің 80 жылдығына арналған “Тіл және мәдениетаралық коммуникация” атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті. Модератор болып Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі,   ф.ғ.к., доцент   Ақбота Тұрағұлқызы Қоңырова қызмет атқарды. Конференцияға белгілі ғалымдар,қоғам қайраткерлері қатысты.

Халықаралық конференция 5 секциялық мәжілісте өтті. Олар мынандай тақырыптарды қамтыды:

  1. Қазақ тілінің тарихы және латын графикасының мәселелері;
  2. Мәдениетаралық коммуникация және лингвомәдениеттану контекстіндегі заманауи мәселелер;
  3. Аударма ісінің өзекті мәселелері;
  4. Мәдениеттер диалогы контекстіндегі әдебиет;
  5. Шетел және қазақ тілдерін оқыту әдістемесі.

     Сондай-ақ конференция барысында ғалымның еңбектерінің тұсау кесері болды. Профессор Есеналиева Жанар Жорабекқызының жазған еңбектері ғылым жолында таптырмас еңбек және үлкен қазына екені сөзсіз.

 

Печать