«Мәдениетаралық коммуникация және тілдер мен мәдениеттердің функционалдық-прагматикалық зерттелуі» тақырыбындағы республикалық Дөңгелек үстел 15 сәуір 2021 ж.

2021 жылы 15 сәуірде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті мен Аударма және филология факульті, жоғары оқу орнынан кейінгі  білім беру кафедрасы, аударма және мәдениетаралық коммуникация және шетел филологиясы теориясы кафедралары бірлесіп Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 80 жылдығына арналған ғылыми іс-шаралар циклі шеңберінде «Мәдениетаралық коммуникация және тілдер мен мәдениеттердің функционалдық-прагматикалық зерттелуі» тақырыбында  онлайн форматта республикалық Дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге аталмыш университеттің жетекші ғалымдары, докторанттары мен магистранттары, сондай-ақ Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының магистранттары, атап айтқанда, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-сұлтан) мен А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеттерінің  (Шымкент) өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ф.ғ.д., профессор Б.Х.Исмагулова іс-шара модераторы ретінде сөз сөйледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы, с.ғ.д ., профессор К.Ш. Байсултанова дөңгелек үстелді ресми түрде ашып, алғы сөз сөйледі. Семинар спикерлері – Шет тілдер сөйлеу тәжірибесі кафедрасының меңгерушісі, PhD А.М.Куркимбаева, "Аударма ісі" мамандығының 3 курс докторанттары Т. М. Нурадилова мен Н. Блашова өз сөздерінде қазіргі заманғы аударматанудың өзекті мәселелеріне тоқталды. Мәселен, А.М.Куркимбаева «Аударма және филология ғылымдарындағы жаңа зерттеу бағыттары» тақырыбындағы баяндамасында антропоцентризм, адамға және оның қызметіне жүгіну жалпы аударма ісі мен филологиядағы жаңа бағыттарды айқындайтын маңызды фактор ретінде атап өтті. С.Т.Нурадилова «Translation as means of achieving intercultural communication» тақырыбындағы баяндамасында аударманың жаһандық интеграциялық процестер кезеңінде мәдениетаралық өзара түсіністік пен қарым-қатынасқа қол жеткізу құралы ретінде рөлін атап өтті. Н.Д. Блашова «Академиялық дискурс аудармасының лингвокогнитивті қырлары» тақырыбындағы баяндамасында білім беру кеңістігіндегі коммуникация ретінде академиялық дискурс үшін когнитивті құрауыштың маңыздылығын атап өтті.

Жас зерттеушілер - біздің университеттің (Тажибаевой Д., Самигуллиной Н., Даденова Т.М., Молдажан А., Даулетхан А., Тилвалдиевой Н., Рысбек А., Мырзахметовой М. и др.) және қазақстандық серіктес университеттердің магистранттары қызықты және өзекті баяндамалар жасады, атап айтқанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 7M02307 Аударма ісі: синхронды аударма мамандығы бойынша 2-курс магистранттары Ж.Б. Алгаринованың «Кино тілі өнер түрі ретінде: «Алладин» фильмін аудару ерекшеліктері, А.Ж.Кадиршееваның "Сара Джионың "Blackberry winter" романының аудармасын лингвостилистік талдауы, С.С.Оразалиева «Квазиреалийді көркем мәтінде аудару мәселелері (Вероника Рот «Инсургент», «Эллигент» шығармаларының материалдары бойынша) тақырыптарындағы баяндамаларының жоғары деңгейде болғанын атап өтуге болады.

Пікірталас барысында Шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі, PhD Қарабаева Б.Е., аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушысы Саймкулова Ш.О., ф.ғ.к., доцент А.П.Баимбетова дөңгелек үстел тақырыбына қатысты өз ойларымен бөлісті. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы, с.ғ.д ., профессор К.Ш. Байсултанова тақырыптардың кеңдігі мен алуан түрлілігін, дайындықтың жоғары деңгейін атап өтіп, баяндамашылар мен тыңдаушыларға алғысын білдірді.

Печать