«Менің мамандығым - Қазақстандағы француз тілі мұғалімі»

Шетел тілдері педагогикалық факультеті 2020 жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың наурыз айына дейін Педагогикалық инновациялық қордың, Халықаралық француз тілі мұғалімдерінің федерациясының және Халықаралық Франкофония Ұйымының қолдауымен «Менің мамандығым - Қазақстандағы француз тілінің мұғалімі» халықаралық жобасына қатысты.

Жобаға педагогикалық факультеттің оқытушылары Д.А.Турдиева,Н.С.Бесирова,С.Г.Жанғарбаева және 30-ға жуық 3 және 4 курс студенттеріқатысты.

Жоба француз тілін оқыту әдістемесі саласындағы жас және болашақ мамандардың ынтасын арттыруға бағытталған. Жоба аясында оқытушылармен және студенттермен шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері, оқытуда цифрлық технологияларды қолдану туралы вебинарлар өткізілді. Вебинарлар теориялық және практикалық аспектілерді қамтыды. Жоба аяқталғаннан кейін қатысушылар халықаралық сертификат алды. Студенттер «Менің мамандығым - француз тілінің мұғалімі» байқауына да қатысты, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды, мұнда бірінші орын алған жеңімпазға  Францияға саяхат ұсынылды.

Жобаға Алматы, Петропавл, Қарағанды ​​және Нұр-Сұлтан қалаларының мектеп мұғалімдері, сонымен қатар, Алматы қаласындағы біліктілікті арттыру Институты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Қостанай мемлекеттік университеті, Е. Букетов атындағы Қарағанды ​​Университеті, Қазақстанның Солтүстік Университеті, Бельгияның Қазақстандағы елшілігі, AWEX агенттігі, Валлони-Брюссель халықаралық федерациясы, Ницца қаласының Франкофония Университеттерінің қауымдастығы қатысты.

Жоба соңында, студенттер мен оқытушылар  француз тілі сабағында жобада үйренген жаңа сандық технологиялар мен интернет-ресурстарды қолданаотырып,видео-сабақ конкурсына қатысуға мүмкіндік алды.  Байқауға қатысушылар арасында  студенттер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары болды. Бірақ біздің Университеттің студенттері ең жақсы нәтиже көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша,т ек біздің  университетіміздің студенттері жүлделі орындарға ие болды.

1 орын - Калжанова Шырын, 4 курс студенті, ШТПФ, жүлде – Ницца қаласындағы  Франкофония университетіне 2 апталық курсқа жолдама.

2 орын -Имаматдинова Севара,4 курс студенті, ШТПФ.

3 орын -Темірқұлова Ақерке,4 курс студенті, ШТПФ.

Біз жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және шетел тілін оқытудың жаңа тәсілдерін өз кәсіби қоржынына толықтыруға  үлкен мүмкіндік бергені үшін осы жобаның барлық ұйымдастырушыларына алғысымызды айтамыз.

Шетел тілдері педагогикалық факультетінің оқытушылары  Д.А.Турдиева, ​​ Н.С.Бесирова, С.Г.Жанғарбаева.

Печать