«Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының 2-ші кезеңі

2021 жылдың 26 сәуірінде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қашықтан «Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының 2-ші кезеңі болып өтті.

Олимпиадаға корей, қытай және жапон тілдері бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің 14 студенті қатысты.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, «Шығыстану» мамандығының 6 студенті төмендегі орындарды иеленді:

Корей тілі:

2 орын - Челекен Аида Булатқызы – 2 курс. Оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Шин Миран;

3 орын – Кеунимжаева Жансая Куралбайқызы – 2 курс. Оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Шин Миран.

Қытай тілі:

2 орын – Паржан Сымбат Мұхитқызы – 3 курс. Оқытушы, PhD доктор Абылқасымова Бақытгүл Амангелдіқызы;

3 орын – Байсеркенов Ален – 4 курс. Оқытушы, т.ғ.к., доцент Омарова Мадина Аманбаевна.

Жапон тілі:

2 орын – Яншенло Рустем Шарипович – 3 курс. Оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Салимова Гульнара Джупаровна;

3 орын – Пищалин Владислав Александрович – 3 курс. Оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Салимова Гульнара Джупаровна.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, студенттерді дайындаған оқытушыларға алғыс білдіреміз!

Печать