20-шы Дүниежүзілік студенттік "қытай тілінің көпірі" байқауының кезекті іріктеу кезеңі өтті

2020 жылдың 26 сәуерде Алматыда 20-шы Дүниежүзілік студенттік "қытай тілінің көпірі" байқауының кезекті іріктеу кезеңі өтті. Шараны онлайн-форматта Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ мен Конфуций институты ұйымдастырды. Алматы қаласының түрлі оқу орындарынан 8 қатысушы қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды: қытай тілінде шағын сөз сөйлеу, қытай тілі, тарихы мен мәдениеті туралы сұрақтарға жауаптар және қойылым. Байқау қорытындысы бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультетінің студенттері жүлделі орындарға ие болды. Студенттер арасында 1-орынды Лень Кирилл, 2-орынды Мұратова Айдана , ал Оңдасынова Меруерт жүлдегерлердің үштігін жапты.

Печать