«Біз Азия – бір әлем!»

Бүгінгі таңда Азия елдері турасында қозғалатын өзекті мәселелер – әлемдегі ең өзекті тақырыптардың бірі. Азия елдерінің тарихы, мәдениеті, әлеуметі мен экономикасынан бастап оның болашағына дейін әр үрдістің жер шары үшін алар орны ерекше. Сондықтан қазір жастар санасында тұтас Азия – бір тұтас әлемнің белгісі екенін ашып көрсету мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Солардың қатарындағы ең нәтижелілерінің бірі- биылғы 2021 жылдың ақпан айының 1-жұлдызынан бастап «Eurasia Foundation» фондының қолдауымен 15  аптаға бойы жалғасқан аса ауқымды жоба «One Asia - One World» элективті курсы.

Аталмыш курс жапондық ірі кәсіпкер Йоджи Сато негізін қалаған «Eurasia Foundation» фондының тікелей қолдауымен өткізілді. Бүгінде бұл фондтың жүйелі жұмысының нәтижесінде әлемнің 515 жоғарғы оқу орындары мен Еуразиядағы 40-тан астам елдер серіктестік құрып, іс-шаралар атқаруда. Биыл осындай серіктестік серпіні біздің Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетіне келіп жетті.

Қасиетті қара шаңырағымыз университетіміздің биыл «80 жылдық» мерей тойы мен «тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық» торқалы тойы тұспа тұс келген шақта арнайы жоспарланған бұл курс магистранттар мен студенттер үшін таптырмас білім мен рухани дамудың қайнар көзі болды. Курс қатысушылары еліміздің ең танымал да тәжерибелі, ұлағатты ұстаздары мен әлемнің әр елдеріндегі білікті де білімді спикерлерінен лекциялар тыңдап, өз сұрақтарына жауап алды, білім көкжиектерін кеңейтті, жаңа мотивация алды. Бұдан бөлек әр қатысушыға арнайы сертификаттар және белсенді студенттерге шәкіртақылар тағайындалды. Сондықтан осындай тағылымы мол, болашаққа пайдасы зор курстың ұйымдастырылғаны болашақ жастарға берілген ең керемет мүмкіндік деп білеміз.

Тап осындай жастар тәрбиесі мен білімін жетілдіруде аянбай еңбек етіп, студенттер мен магистранттарға  арналған ауқымды жобаны ұйымдастырып, мол мүмкіндіктер сыйлаған университетіміздің ректоры Салима Сагиевнаға және университетіміздің аса тәжерибелі ұстазы, философия ғылымдарының докторы, Қазақстанның қазіргі заман тарихы және қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Зейнабил Смаилхановичке, сонымен қатар, Халықаралық Қатынастар факультетінің деканы, профессор Венера Хибадуллаевнаға, «Eurasia Foundation» фондының жетекшісі Yoji Sato мырзаға университетіміздің барша білімге құштар студенттерінің атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздерге толағай табыстар және шығармашылық шабыт тілейміз! Қоғамға пайдалы ауқымды жобалар саны арта берсін!

Печать