24-ші онлайн-жапон тілінде сөйлеу сайысы

30.05.2021 сағат 10: 00-де Орталық Азия елдері арасында жапон тіліндегі шешендік өнердің 24-ші байқауы онлайн режимінде өтті. Іс-шараны Өзбекстандағы Жапон елшілігі мен Жапония қорының қолдауымен Өзбекстандағы жапон тілі мұғалімдерінің қауымдастығы ұйымдастырды. Байқауға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстаннан 20 қатысушы қатысты.

Қазақстан атынан Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері, сондай-ақ адами ресурстарды дамыту жөніндегі Қазақстан-Жапон орталығының студенттері қатысты.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультетінің 3 курс студенті Тілеумұрат Азамат еліміздің намысын абыроймен көрсетіп, байқау қорытындысы бойынша 1 орынға ие болды. 3 орынды сонымен қатар Қазақстан-Жапон Орталығының атынан қатысқан Қазақстандық студент Мусаева Ясмина иеленді. Қалған жүлделерді Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген сайыскерлер бөлісті.

Азаматты, сондай-ақ шығыстану факультетінің жапон бөлімінің барлық студенттері мен оқытушыларын халықаралық жарыстағы үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Біз талантты жастарымызға сәттілік тілейміз!

Печать