Өзбекстандағы корейтану ғылымының дамуы: лингвистикалық зерттеулерге шолу

2021 жылдың 20 қарашасында ZOOM платформасында филология ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің корей филологиясы кафедрасының профессоры Наталья Дек-хеновна Кимнің «Өзбекстанда кәрістану ғылымының дамуы: лингвистикалық зерттеулерге шолу» тақырыбында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушыларына арналған ашық халықаралық онлайн дәрісі өтті.

Ашық онлайн лекцияға филология ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыс тілдерін аудару кафедрасының меңгерушісі Джелдібаева Раушан Баскенқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор Пак Нелли Сергеевна, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің корейтану орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы (PhD), профессор Хан Нелли Чанидина, кафедра оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің атынан қатысқандар: Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің корей филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сайдазимова Умида Тураханқызы, философия ғылымдарының докторы (PhD) доцент Ким Татьяна Сергеевна, Философия доценті (PhD) Юнусова Гүлшода Дильшадовна және басқа да ТашМШИ-ның корей филологиясы кафедрасының жас мамандары, ізденушілер, докторанттар, магистранттар және студенттер.

Профессор Н.Д.Ким өзінің ғылыми баяндамасында корей тіл білімінде соңғы жылдары жүргізілген лингвистикалық зерттеулерге шолу жасады. Қазіргі уақытта корейтану ғылымының дамуы шетелдік зерттеушілердің үлкен назарын аударуда. Өзбекстанда корейтану барлық бағытта, соның ішінде тіл білімі бойынша дамып келеді. Соңғы жылдары корей тілі мен тіл білімі бойынша көптеген оқу және ғылыми әдебиеттер жарық көрді.

Университет туралы қысқаша ақпарат: Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті Өзбекстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі, үздік он университеттің бірі, Орталық Азиядағы шығыстану мамандығы бойынша жоғары білікті мамандар дайындайтын жалғыз университет. Университет түлектері Өзбекстанның АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Түркия, Бельгия, Израиль, Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Египет сияқты әлем елдеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет етуде. Шығыстану институтының қызметі Өзбекстандағы шығыстану ғылымының дамып, жетілдірілуімен тікелей байланысты. Ташкент мемлекеттік жоғары оқу орны 450-ден астам ғылым кандидаты мен 85 ғылым докторын дайындады, 8 ғалым Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. 14 шығыстанушы-ғалым Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері, 12-сі Беруни мен Хамзы атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 7 – Фердоуси, Ахмад Яссауи, Махмуд Қашғари, Джавахарлал Неру және Имам әл-Бухари халықаралық марапаттардың лауреаттары. Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясына сәйкес жоғары білім берудің бүкіл жүйесінде ауқымды қайта құрулар басталды, оның ішінде шығыстану ғылымы мен білімінің жаңа көкжиектері басталды. Өзбекстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі «Шығыстану саласында кадрлар даярлау жүйесін түбегейлі жетілдіру және ғылыми әлеуетті арттыру шаралары туралы» қаулысымен жоғары оқу орны университет мәртебесіне ие болды.

Печать