«Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның міндеті» тақырыбында интерактивті ойын

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де шетел тілі педагогикалық факультетінің шетел тілінде оқыту әдістемесі кафедрасының мұғалімдері  2.12.2021 күні танымал «Мафия» ойыны негізінде «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның міндеті» тақырыбында интерактивті ойын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте адал ниетті ынталандыру. 4 курс студенттерімен сыбайлас жемқорлықтың алуан түрлері, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағымсыз салдары талқыланды.

Печать