«Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы IT-технологиялардың дамуы»

07.12.2021 ж. «Рухани жаңғыру» орталығының қолдауымен «Білім беруді кәсіби цифрландыру» кафедрасы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы IT-технологиялардың дамуы» атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы IT-технологиялардың дамуы» атты тәрбие сағаты халқымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік күресіне және қазіргі Қазақстанның ақпараттық технологиялардағы жетістіктеріне арналды

Аталған іс-шараны «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Сержанов Бауыржан Ерланұлы алғы сөзімен бастады. Келесі сөз кезегі “Қазіргі заман тарихы және дүниетанымдық пәндер” кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қарабаева Запиха Мұхтарқызында болды. Сонымен қатар осы тәрбие сағатқа  «Шығыстану» және «Аударма ісі және филология» факультеттерінің 1 курс студенттері белсене араласты.

Сабақ барысында веб-сайт құру байқауы, тақырып бойынша түрлі викториналар  өткізіліп, ән-шашу мен өлең жолдары оқылды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай студенттеріміздің 30 тілде құттықтау челленджі де бізді ерекше ықыласқа бөледі.  Веб сайт байқауының қорытындысы бойынша I-орынға Тлеубай Аяулым-106 топ, II-орынға Кенжебаева Аружан-107 топ, Халилова Сабина-110 топ, III-орынға Нұрғазы Алтынай-108 топ,  Тоқтабай Ақкүміс-108-топ ие болды.

Печать