«Бізде талант бар» шоу

«Тамаша қабілет әрбір жаңа тапсырмамен бірге дамиды және ашылады» - деп, Балтасар Грациан айтпақшы. Біздің университетімізде, шет тілдерін оқыту факультетінің студенттерінде жасырын таланттардың бар екенін байқадық. Бұл 2021 жылдың 8 желтоқсанында өткен «Бізде талант бар» шоуында айқын болды. Бұл шоуда студенттерге әр түрлі қойылым түрлерінде өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік берілді.


Атап айтатын болсақ: ән, би, өзара диалог құрастыру, сонымен қатар өз шығармашылықтарын көрсету. Біз бұл шоуда дарындылыққа және студенттердің ағылшын тілінде сөйлеуіне баса назар аудардық.
Көрсетілімнің мақсаты: студенттерді бір-бірімен таныстыру, ағылшын тілін меңгеру дағдыларын шыңдау және жай ғана таланттарын көрсету болды. Бұл сайыстарды ұйымдастырудың басты себебі – оқушылардың ішкі қасиеттерін тәрбиелеу және студенттердің бойындағы сахна қорқынышын жою, бұл да тұлғаның дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ қойылым алдында студенттер бір-біріне сенімділік танытып, ұстаздардың ынта-ықыласына бөленді .
Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: Топтық таныстыру, би, ән және т.б өнерлері. Студенттер ән шырқап, сазды әуендерімен және өнерлерімен көрермендерді баурап алды. Көптеген студенттер қызықты музыкаға билеп, өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Соған қарап қазылар алқасы да, ұсынылған таланттарды бірлесе отырып бағалап, әр топты түрлі номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапаттады. Концерт қазылар алқасының алғыс сөзімен, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының грамоталарын табыс етумен және бірлескен фотосуреттермен сәтті аяқталды.

Печать