Шетел тілдері педагогикалық факультетінің Педагогика және психология кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кеш өткізді

10 желтоқсан күні ҚазХҚжӘТУ-нің шетел тілдері педагогикалық факультетінің педагогика және психология кафедрасы оқытушылары мен 1 курс студенттері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік ел тірегі" атты кеш өткізді.

Кештің басты мақсаты – студенттердің рухани-патриоттық санасын қалыптастырып, адами қасиеттерін қалыптастыру.

Кеште Желтоқсан оқиғасы туралы көрініс және бейне фильм көрсетіліп, Желтоқсан оқиғасының куәгері педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ш. А. Жалғасовнаның естеліктерімен бөлісті.

Кештің екінші жартысында тәуелсіздік туралы бейне фильм көрсетілді, өлең айтылды, тәуелсіздің кезінде қолжеткен жетістіктер туралы айтылып, "Көк тудың желбірегені" өлеңін айтумен аяқталды.

Кештің жүргізушілері: ШТПФ 1 курс студенттері Бейсембек Орынтай, Серікбай Қарашаш.

Қатысушылар: ШТПФ 1 курс студенттері Айтен Диас, Шаттық Ерен, Толбасиева Қамарсұлу, Тұнғатарова Айзере, Рысханова Назгүл, Имашева Айжан, Серік Тасқын.

Печать