Халықаралық қатынастар факультетінің 3 курс студенті «Жылдың үздік студенті» атанды

7 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы Министрліктер үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік ұрпақтары” халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына Отандық ғалымдар, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Сонымен қатар “Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы “Жылдың үздік студенті” атты халықаралық байқауының салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

“Жылдың үздік студенті” атты халықаралық байқауының І орын иегері Халықаралық Қатынастар Факультетінің 3 курс студенті Касымжанова Мадина Мукитовна марапатталды.

Мадина “Bilim-orkenieti” ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының директоры Сатылганов Азрет Барборұлы және Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қамбаров Қайрат Телманұлының қолынан “Жылдың Үздік Студенті” атты диплом, куәлік және төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қоса, халықаралық үздік жастардың кітап жинағына енгізілді.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать