Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бар бақытым - қасиетті Отаным» атты шығармалар байқауы

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ теориялық және қолданбалы тілтану кафедрасы Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдері күні аясында «Бар бақытым - қасиетті Отаным» атты шығармалар байқауына қатысу үшін студенттер арасында  ақпарат жұмысын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты студент жастардың патриоттық сезімін нығайту, шығармашыдлық әлеуітін, лингвистикалық капиталын дамыту болып табылады. Байқау Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының  ұйымдастыруымен Алматы қаласы және Алматы облысының жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында өткізілді. Байқаудың талабы бойынша эссе жазуға 45 тақырып ұсынылды.

Осы іс-шараға халықаралық қатынастар факультеті 1 курс студенті Бекежанова Айкүміс қатысты. Ол п.ғ.д., проф. Қонақова К.Ө. жетекшілігімен  «Ұлттық рух - ұлт тамыры» тақырыбында эссе дайындады.

Байқау комиссияның шешімімен (Хаттама №2 - 26 қазан 2021 жыл) үміткерлерден түскен эсселерді бағалап, Бекежанова Айкүміске III дәрежедегі диплом мен 50000 тенге көлеміндегі сертификат тағайындауды ұйғарылды.

Теориялық және қолданбалы тілтану кафедрасы байқау жүлдегерін құттықтайды!

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать