«Шаб-е- Ялда» мерекесіне орай онлайн түрде мәдени іс-шара өткізілді

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану факультетіндегі парсы тілін оқитын студенттерімен Иран халқының «Шаб-е- Ялда» мерекесіне орай онлайн түрде мәдени іс-шара өткізілді. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 4 курс студенті Оқасы Нұрсұлу «Ялда түні» жайында толық мәлімет берді. Алламе Табатабайи университетінің (Иран) ұстазы PhD О. Изади мерекенің ерекшелігі туралы баяндап берді. Және де Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану факультеті деканының орынбасары Н.Т.Атейбекова бұл мереке жайлы өз ойымен бөлісіп, іс-шара қатысушыларын мерекемен құттықтады.

 

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать