«ТМД үздік студенті – 2021»

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғылымы мен білімін дамытуға бағытталған «ТМД үздік студенті – 2021» халықаралық жобасының қорытындысы бойынша менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің 3 курс студенті Шілдебай Дана «ТМД-ның үздік студенті – 2021» атанды.

Дананың «Заманауи медиа кеңістігіндегі жаңалықтарды тарату» тақырыбындағы ғылыми мақаласы ТМД елдерінің дарынды студенттерінің 4-ші халықаралық кітап басылымына енеді.
Мақала жинағымен, «ТМД үздік студенті» медалімен және дипломмен марапаттау рәсімі 2022 жылдың қаңтарында өтеді.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать