«Араб тілі-әлемдік тіл»

22 желтоқсан күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің  Шығыстану факультетінде Халықаралық араб тілі күніне орай ұйымдастырылған «Араб тілі-әлемдік тіл» атты іс-шара болып өтті. Іс-шара Шығыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Тайжанқызының жетекшілігімен ұйымастырылып, араб тілін оқитын 4 курс студенттері ат салысты.

Аталмыш іс-шараға факультет деканы Дәуен Динара Бакыткерейкызы, Шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Бүркітбай Гаухар Жансапқызы, кафедра оқытушылары және араб тілі бөлімінің студенттері қатысты.

Ең бай тілдердің бірі болып саналатын, мыңжылдық тарихы бар араб тілінің  әлемде алатын орны мен маңызы туралы студенттердің дайындаған ақпараттық-танымдық  видеолары және араб тілін үйренудің тиімді жолдарын ұсынған слайдтары көрсетілді. Іс-шара лингвоелтанушылық бағыттағы викториналық сұрақтармен, интеллектулды ойындармен жалғасын тапты.

Печать