Оқытушыларды марапаттау

Ф.ғ.д., профессор Пак Нелли Сергеевна ЖОО мен ЖОО кейінгі білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін Ахмет Байтұрсынұлының алтын медалімен марапатталды.

Профессор Пак Нелли Сергеевна – жалпы және жеке тіл білімінің әртүрлі мәселелеріне арналған 90 мақала мен монографиялардың,  "Қазақстандықтарға арналған корей тілі оқулығының (1-6 деңгей)" бірлескен авторы.

Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Жоғары оқу орнының 2010 жылғы үздік оқытушысы» гранты мен медалінің иегері. 2011 жылы «Шетелде корейтануды дамытуға қосқан үлесі үшін» Корея Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және медалімен марапатталған.

Ф.ғ.к., профессор Есенжан Дина Әнесқызы ЖОО мен ЖОО кейінгі білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін "Үздік педагог"  атанды. Профессор, фольклортанушы, ғалым-арабтанушы, аудармашы Есенжан Дина Әнесқызы 60-қа жуық мақала, сөздік, оқулықтар мен кітаптардың авторы. Сіңірген еңбегінің бірі – еліміздің көне тарихына қатысты араб тіліндегі  құнды дереккөздерді Мысыр қолжазба қорларынан іздеп тауып, ғылыми сараптап, елімізге жеткізді.

Профессор Чжан Ходжон Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің "Құрметті профессоры" атағына ие болды. Профессор Чжан Ходжон бірнеше жыл бойы Орталық Азиядағы корейтану ғылымының дамуына, сондай-ақ  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Корея Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы білім беру саласындағы қарым-қатынастарды кеңейтуге елеулі үлес қосып келеді.

Печать