Желтоқсанның 28-і күні «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық студенттік қозғалысы жастардың белсенділігін дамытуға қосқан үлесі үшін Алматы жоғары оқу орындарының белсенділеріне алғыс хаттар табыс етті.
Марапаттау Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің қабырғасында өтті, оған қаланың басқа 11 университетінен студенттер келді. ҚР білім және ғылым министрлігі жанындағы студенттер жөніндегі Кеңес мүшесі Қуандық Жасұлан Бостандықұлы алғыс хаттармен белсенді студенттерді марапаттады.
ҚазХҚжӘТУ-нің 10 белсенділері марапатталды, олардың ішінде:
Тұрғанғалиұлы Архат - "AUDC PANTHEON" пікірталас клубының жетекшісі.
Наурзбаева Айым - Шығыстану факультетінің жетекшісі.
Шілдебай Дана - Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің жетекшісі.
Серікқызы Меруерт - Студенттік бастамалар орталығының төрағасы.
Сайлауов Дулат – Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.
Серікқызы Фатима – Имидж саясаты секторының жетекшісі.
Касымжанова Мадина - "Global diplomatic news” клубының президенті.
Сейдахметова Аяна - халықаралық қатынастар факультетінің жетекшісі.
Бекенова Аяулым – “БҰҰ моделі” клубының жетекшісі.
Марапаттау аяқталғаннан кейін қонақтарымызға Абылай хан мұражайында экскурсия жүргізілді.