Педагогика және психология кафедарысының ұйымдастыруымен 04.11.2015ж. «Педагогикалық ақпараттың заманауи білім беру үдерісіндегі рөлі: проблемалар, ізденістер, шешімдер»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде келесідей мәселелер талқыланды:
- Бүгінгі педагогика ғылымындағы өзекті мәселелер
- Ғылыми –педагогикалық журналдардың жоғары педагогикалық оқу орындарымен педагогикалық ынтымақтастығы
- Ғылыми- педагогикалық ізденіс саласында алынған нәтижелердің педагогикалық басылымдардағы көрінісі
- Заманауи инновациялық технологиялардың мектеп тәжірибесіндегі көрінісі
- Бүгінгі тәрбие саласындағы өзекті мәселелер: құқық бұзушылық, діни ағымдардың ықпалы, өз-өзіне қол салу және т.б.
- Халық педагогикасы материалдарын оқу- тәрбие үдерісінде пайдаланудағы озық тәжірибелердің педагогикалық журналдарда насихатталуы
Дөңгелек үстелге «Ұлағат», «Қазақстан мектебі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Бастауыш мектеп», «Қазақ орта мектебі», Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Педагогика және психология» (ЖАК) журналдарының бас редакторлары, докторанттар, магистранттар, оқытушылар қатысты.