10.12.2015 жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де “ШЕТТІЛДІК КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҮЛГІЛЕУ” III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Конференцияға Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің ректоры академик Құнанбаева С.С.; Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас Елшілігінің мәдениет және білім беру ісі жөніндегі вице-консулы Гао Чэнь; Алматы қаласындағы Франция Бас Елшілігінің университеттік ынтымақтастық ісі жөніндегі атташесі Северин Ван Гастел; Алматы қаласындағы Италияның Құрметті Консулы Петро Кала; Қазақстандағы Британ Кеңесінің ағылшын тілі бойынша қызмет көрсету директоры Нассер Амери қатысты.

Пленарлық мәжілісте өз баяндамаларын Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ оқу ісі жөніндегі проректоры п.ғ.д. Чакликова А.Т.; Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ ф.ғ.д. профессоры Кармысова М.К.; Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының п.ғ.д. Кудрицкая М.И. қорғады.

Печать